Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, Бәйдібек ауданында 8-сынып оқушысы 2-сынып оқитын қыз баланы зорлаған. Оқиға Қошқар Ата ауылында болған.
Аталған оқиғаға қатысты бар күдікті ретінде кәмелетке толмаған жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Құқық қорғау органдары қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау үшін жедел тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.
– Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті бабымен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының тікелей бақылауында болады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге де деректер жария етуге жатпайды, - делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, бұдан бұрын Сарыағашта көрші баланы қасақана өлтірген жасөспірім қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.