Түркістан облысында жасөспірімнің аяғы комбайнға қысылып қалды

АСТАНА. KAZINFORM — Құтқарушылар комбайнның орақ аппаратына қысылып қалған 17 жастағы жігітке көмекке келді, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Фото: Видеодан скрин

Бүгін Түркістан облысы Асықата ауылындағы шаруа қожалығының аумағында 2009 жылы туған жасөспірім оқыс оқиғаға тап болды.

— Комбайнды жөндеу жұмыстары кезінде жасөспірімнің аяғы ауыл шаруашылығы техникасының орақ аппаратына қысылып қалған. Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары арнайы құралдардың көмегімен жасөспірімді босатып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды, — делінген хабарламада.

Бұған дейін Ақтөбеде күйік шалған теміржолшының бірі ауруханада көз жұмғанын жаздық.