Түркістан облысында жазғы демалыста қанша оқушы тегін демалады

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Түркістан облысында биыл 1-10 сыныптарда оқитын 496 мыңнан астам оқушының 95,7 пайызы жазғы демалыспен қамтылады.

Коллаж: Kazinform/ Сурет жасанды интеллект көмегімен жасалған

Түркістан облысы білім басқармасының мәліметіне сәйкес, жазғы сауықтыру шаралары үш негізгі бағытта жүзеге асырылады.

— Облыста 24 қала сыртындағы лагерьде әлеуметтік осал топтағы және ерекше бақылаудағы 35 мыңнан астам бала тегін демалады. Ал мектеп жанындағы лагерьлерде 230 мыңға жуық оқушы қамтылмақ. Сонымен қатар еңбек, туристік, шығармашылық және спорттық бағыттағы түрлі іс-шаралар арқылы 210 мыңнан астам бала жазғы маусымды тиімді өткізеді, — деп мәлімдеді ведомство.

Сондай-ақ 2025-2026 оқу жылының қорытындысы бойынша облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы атанған 400-ге жуық дарынды оқушы республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталықтарында тегін тынығады.

Бұдан бұрын елімізде оқушылардың жазғы демалысы кезінде орталықтарға полиция инспекторларының бекітілгені туралы жазған едік.