Жарақаттанған тағы бір бала ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қайғылы оқиға Түлкібас ауданында болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, аудандағы трассада Volkswagen Polo көлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, жол бойындағы ағашқа соғылған.
— Қазіргі уақытта барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процестік шешім қабылданады, — деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаменті.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға және жолда өте мұқият болуға шақырды.
Бұған дейін Түркістан облысының Арыс қаласында жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адамның қаза тауып, екі адамның жарақаттанғаны туралы жазған едік.