Түркістан облысында жолда адасып қалған 287 адам құтқарылды, оның 30-ы балалар

Фото: pixabay.com

Түркістан облысы аумағында ауа-райының қолайсыздығынан жолда қалып қойған азаматтарған арналған жедел желі іске қосылды, деп хабарлайды Kazinform.

Түркістан облысында екі күннен бері бұрқасын жел тоқтамай тұр. Салдарынан Бәйдібек пен Түлкібас аудандарының аумағы, «Батыс-Еуропа - Батыс-Қытай» трассасы, Қошқарата-Жарықбас-Бірлік, Шаян-Ағыбет-Шақпақ, Көксәйек-Ақсу-Мыңбұлақ бағытындағы жолдар жабылған.

Өткен тәулікте құтқарушылар жолда адасып кеткен 287 адамды құтқарды, оның 30-ы балалар.

«Түркістан облысының ТЖД қолайсыз ауа-райында және тәуліктің қараңғы уақытында жетуі қиын жерге бармау керектігін ескертеді. Қала сыртына баратын болсаңыз, жолдардың жай-күйі туралы «Дармен» мобильді қосымшасынан білуге болады.

Қазіргі таңда облыста 1 республикалық, 10 облыстық жол жабық», - делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, Түркістан облысы аумағында ауа-райының қолайсыздығынан жолда қалып қойған азаматтарған арналған жедел желі іске қосылды.

Жедел желі: 8 725 33 5 78 97 немесе 102.