Түркістан облысының 4 ауданында әкім сайлауы өтіп жатыр

Фото: ӨКҚ

Бүгін Түркістан облысындағы Созақ, Мақтаарал және Бәйдібек аудандарында әкім сайлауы өтуде, деп хабарлайды Kazinform.

Өңірлердегі сайлау учаскелерінде таңғы сағат 7:00-де еліміздің Әнұраны орындалып, сайлау науқаны басталып кетті. Дауыс берушілердің белсенділігі жоғары. Учаскелерде алғашқы келушілерге естелік сыйлықтар табыс етілді.

Созақ ауданында 35 715 азамат сайлау құқығына ие. Ал, Мақтаарал ауданында 70 648, Бәйдібек ауданында 28 807, Шардара ауданында 44 109 сайлаушы бар.

Өңірдегі сайлау учаскелері интернет, байланыс телефоны, бақылау камералары мен басқа да арнайы құрал жабдықтармен толық қамтылған. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне барлық жағдай жасалған.