Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев басқарма ұжымына жаңа басшыны таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
Жанар Әлібекқызы 1982 жылы Жамбыл облысының Қаратау қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары.
2006 жылы Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірген. Саясаттану мамандығы бойынша магистр дәрежесі бар. 2017 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2004-2006 жылдары Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент институтында «Саясаттану» кафедрасының оқытушысы болып бастаған. 2006-2016 жылдары сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінде бас маман және бөлім басшысы қызметтерін атқарған.
2014-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, 2015-2016 жылдары ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысының орынбасары болып еңбек етті. 2016 жылы ОҚО әкімі аппараты жалпы бөлімінің бас инспекторы, 2016-2019 ОҚО Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары, 2019 жылы Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысының орынбасары, 2019-2021 жылдары Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.
2021-2022 жылдары «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болды. 2022-2024 «Amanat» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы, 2024 жылдан бастап осы күнге дейін Астана қаласындағы «Amanat» партиясының ұйымдастыру және аумақтық жұмыс департаментінің директоры қызметін атқарып келді.
Бұған дейін Ерғали Скендиров Маңғыстау ауданының әкімі болып тағайындалғанын хабарлаған едік.