Түркістан облысында су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жиналып жатыр

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Еліміздің бірнеше облысындағы су тасқынына байланысты табиғи апат аймағындағы тұрғындарға көмек қолын созамын деген волонтерлар мен облыс тұрғындары үшін Түркістан облысы «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында арнайы штаб құрылды.

Фото: azattyq-ruhy.kz

Қазіргі таңда аталған штабта гуманитарлық көмек жинау ісі басталып кетті. Сондай-ақ, облыстағы әрбір аудан, қалалардағы Жастар ресрустық орталықтарында да арнайы штаб құрылды. Оларда гуманитардық көмек жинап, су тасқынынан зардап шеккен халыққа жібереді.

«Киім-кешек, балаларға арналған жөргектер, жеке гигиена құралдары (гигиеналық төсемдер), гигиеналық заттар, азық-түлік, тұрмыстық заттар қабылданады. Гуманитарлық көмек жинау орны Түркістан қаласы, Байбұрт көшесі № 5 мекен — жайда орналасқан. Қабылдау уақыты 09:00–19:00-ге дейін жүргізіледі. Әрбір зат сұрыпталып, арнайы жәшікке салынуы тиіс. Қолданылған, ескі заттарды беруге тыйым салынады» — делінген облыс әкімдігі таратқан ақпаратта.