Түркістан облысының тұрғындары әкімге өңірде қалыптасқан ең маңызды деген мәселелерді жеткізді

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM - Түркістан облысын дамытуда тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары есепке алынып, көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін облыс әкімі Нұралхан Көшеров тұрғындарды жеке қабылдап, олардың арыздары мен өтініштерін тыңдады. Азаматтар әкімге тікелей сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізіп жатыр. Еркін форматта өткен қабылдауда азаматтар, негізінен, жеке мәселелерін көтерді. Сондай-ақ қабылдауға облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, аудан-қала әкімдіктерінің, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып, азаматтардың сұрақтарына жауап берді.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ашық диалог алаңында 100-ге жуық тұрғын түрлі салалар бойынша мәселелерін жеткізді. Көтерілген өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй, әлеуметтік көмек, денсаулық сақтау, жұмысқа орналасу, жер және инфрақұрылымға қатысты. 

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі әрбір өтінішке мұқият назар аударып, олардың шешу жолдарын қарастырды. Облыс әкімінің жауапты орынбасарлары мен басқарма басшыларына жіті зерделеп, заң аясында шешім қабылдау бойынша нақты тапсырмалар берді. Тұрғындар көтерген мәселелердің бір бөлігі сол жерде оң шешімін тапса, қалғаны бақылауға алынды. Сонымен бірге қабылдауға жазылған тұрғындарға демеушілер есебінен мерекелік сыйлық тапсырылды. 

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

-Таңертеңнен басталған жеке қабылдау әлі де жалғасып жатыр,-делінген Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі