Түркістан-Самарқанд бағытында әуе рейсі ашылды

Фото: Түркістан өңірлік коммуникация қызметі

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM - Орталық Азия елдері арасындағы туризм ынтымақтастығын жандандыру мақсатында Түркістан-Самарқанд бағытында алғашқы халықаралық әуе рейсі ашылды.

«Qazaq air» әуекомпаниясына тиесілі ұшақпен Түркістаннан аттанған 80-ге жуық саяхатшыны самарқандықтар ерекше салтанатпен қарсы алды.

Фото: Түркістан өңірлік коммуникация қызметі

Рейстер заманауи, жайлы «De-Havilland Dash 8-Q400» әуе лайнерлерімен аптасына 2 рет, жұма және жексенбі күндері орындалады. Түркістан қаласынан жергілікті уақыт бойынша 20:20-да, ал Самарқандтан 21:20-да ұшады.

Фото: Түркістан өңірлік коммуникация қызметі

«Бірегей туристік ресурстарға ие Орталық Азия өңірі туризм саласын қарқынды дамытып келеді. Бұл тұрғыда екі ел арасында тәжірибе алмасу, туризм бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр», - делінген Түркістан өңірлік коммуникация қызметі таратқан ақпаратта.