Түркістан станциясында бес жасар бала пойыз астына түсе жаздады

АСТАНА. KAZINFORM — Жолаушылар пойызының машинисі бес жасар баланы басудың алдын алды, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

20 маусымда сағат 15:08–де Түркістан — Шиелі учаскесінде, Шорнақ станциясы ауданында № 7/8 Алматы-2 — Саратов қатынасындағы жолаушылар пойызының машинисі теміржолда қалған бес жасар баланы басуға жол бермеді.

— Локомотив бригадасы 70 км/сағ болатын пойыз жылдамдығында шұғыл тежеуді қолданды, соның арқасында қайғылы жағдайдың алды алынды. Пойыздың кешігуі 4 минутты құрады. Темір жол учаскесі қоршаумен жабдықталған. Бала қауіпті аймақта ересектердің қарауынсыз болды. Локомотив бригадасының кәсібилігі мен қырағылығының арқасында қайғылы жағдайға жол берілмеді, — делінген хабарламада.

ҚТЖ ата-аналарды балаларды темір жолдар жанында қараусыз қалдырмауға және оларға темір жол көлігі объектілерінде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіруге шақырады. 

Осыған дейін Ақтөбеде теміржолшы жұмыс орнында жарақат алып, төсекке таңылып қалғанын жазғанбыз.