Түркістанда автобус жер үйдің қабырғасын бұзып, ішіне кіріп кетті

Түркістанда болған жол апаты кезінде автобус жер үйдің қабырғасын бұзып, ішіне кіріп кетті, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Оқиға бүгін Түркістан қаласындағы көше қиылыстарының бірінде болды. «Хундай Акцент» автокөлігі №17 маршруттағы жолаушылар автобусымен соқтығысып, нәтижесінде автобус жеке үйдің қабырғасын бұзып, ішіне кіріп кетті.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

 

«Апат салдарынан автобустың бірнеше жолаушысы жарақат алып, оларға медициналық көмек көрсетілді. Сондай-ақ үйде егде жастағы ер адам болған. Оның денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ»,-делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Қазіргі уақытта осы факті бойынша ҚР ҚК 345-бабымен «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» әрекеті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.