Тексеру барысында көлікті 19 жастағы жас жігіт басқарғаны белгілі болды. Құқық бұзушыға тиісті шара көріліп, автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, қоғамдық орындарда қауіпті маневрлер жасамауға және өзге жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырады.
Айта кетелік Таразда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынған еді.