Дәрігерлер шұғыл ота жасап, бөгде заттың бірін алып шықты. Ал екіншісі ішек жолына өтіп кеткендіктен, мамандар сәбидің жағдайын бақылауда ұстады. Бірнеше күннен кейін батарейка табиғи жолмен шыққан.
– Отадан кейін сәби үш тәулік жансақтау бөлімінде ем қабылдады. Қазіргі таңда оның жағдайы тұрақты, – деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.
Дәрігерлер ата-аналарға ұсақ заттарды, оның ішінде батарейка мен магниттерді балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау қажеттігін ескертті.
Бұған дейін Алматыда бала жұтып қойған үш магнит асқазан мен ішекті жалғап жібергенін хабарлаған едік.