Түркістанда ерлі-зайыптылардың өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Қайғылы оқиға Түркістан қаласындағы жер үйлердің бірінде болған.

Фото: polisia.kz

Көршілерінің айтуынша, қаза тапқандардың бірі – ер адамның өгей ұлы, екіншісі оның келіні. Олардың бірінің мәйіті үйден, екіншісі ауладан табылған.

Түркістан облыстық полиция департаменті Kazinform тілшісіне берген жауабында оқиғаға қатысты қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын хабарлады.

– 26 тамыз күні Түркістан қаласында ерлі-зайыптыларды өлтіру фактісі бойынша күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады полиция.

Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданады. Полиция ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілуге жатпайтынын мәлімдеді.

Бұған дейін Шымкентте әйелін аяусыз ұрып-соққан ер адам ұсталғанын жазған.