ТҮРКІСТАН. KAZINFORM - Түркістанда құдыққа құлап кеткен қыз есін жимастан қайтыс болды. Бұл туралы Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Сағат 12:14-те қыз ес-түссіз күйде құдықтан шығарылды. 12:15 кезінде жедел жәрдем ауруханасының қызметкерлері өлімді растады» делінген басқарма ақпаратында.
Айта кетейік, кеше 29 жастағы қыз ашық алаңда орналасқан дренаж құдығына құлап кеткен болатын.
Құтқару жұмысына төтенше жағдай департаментінен, жедел жәрдем мен полиция қызметінен 31 адам және 5 техника жұмылдырылды.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.