Түркістан қаласында шақыртуға барған медицина қызметкеріне күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бүгінде күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесімен заңды шешім қабылданатын болады.
- Полиция «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында құқыққа қайшы әрекеттер үшін жазаның бұлтартпастығы қамтамасыз етілетінін атап көрсетеді. Қылмыстық іс полиция департаменті басшылығының бақылауында, - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, бұдан бұрын Түркістан облысында қаржылық пирамида құрғандар сотталғанын жазған болатынбыз.