Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, жарысқа еліміздің 12 өңірінен 250-ден астам мерген бақ сынауға келген. Олардың қатарында Қазақстан құрамасының көшбасшылары да бар.
Турнирде жүлделер ересектер арасында, сондай-ақ жасөспірімдер санатында сарапқа салынады.
Айта кетейік, жуырда садақ атудан өткен Азия кубогы кезеңінде ұлттық құрама 4 медаль жеңіп алды.