Жалпы 229 шетелдік пен 51 жергілікті тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Атап айтар болсақ, шетелдіктерге тұрғын үйді заңсыз бергені үшін 40 құқық бұзушы және шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін 11 адамға шара қолданылды.
Сондай-ақ, Сайрам ауданында көші-қон саласындағы заңнаманы бұзған жақын шетелден келген 4 адам анықталып, оларға қатысты жинақталған материалдар сотқа жіберілді.
«Жалпы көші-қон туралы заң талаптарын өрескел бұзған 60 шетелдік сот шешімімен елден шығарылды. Азаматтарды қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараларға түсіністікпен қарауға шақырамыз. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады», — делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Түркістан облысында 358 жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.
Сонымен қатар, Түркістан облысының Түлкібас ауданында жұмыссыздық деңгейін төмендетуге басымдық берілетіні айтылды.