Түркістанда тігілген алып сәукеле Қазақстанның рекордтар кітабына енді

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Түркістанда тігілген ең үлкен сәукеле Қазақстанның рекордтар кітабына енді. Бірегей экспонат 30-дан астам түркі халықтарының ою-өрнектерімен безендірілген. 

Әйелдерге арналған ұлттық бас киімнің биіктігі 5 метрден асады, ал сыртын көмкеріп жауып тұрған матасының ұзындығы — 600 метр. Сәукеле халықаралық «Global Book of Records» рекордтар кітабына еніп, арнайы сертификат табысталды.

Тарихи сәттің куәсі болу үшін Түркістанға Қазақстанның рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов арнайы келіп, сәукеленің рекордтық мәртебесін ресми түрде жариялады. Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 1000-нан аса ана қатысып, дәстүрді дәріптеді.

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Шебер Ақмарал Дауылбаеваның айтуынша, ұлттық бас киім — бұл киімнің элементі ғана емес, халық бірлігі мен рухани сабақтастықтың айнасы.

— Сәукелеміздің биіктігі көкпен таласып, шыңмен тіресіп тұрсын дедік. Сондықтан оны 5 метр 20 сантиметр етіп жасадық. Ал, ою-өрнегін терең мағынамен көмкеруді жөн көріп, сәукеленің кейпінен Жер ананың бейнесін жасадық. Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен ана — өмірдің мәңгілігін, тіршіліктің түп-тамырын білдіреді. Сол себепті оюын өмір ағашы бейнесінде өрнектедік, — деді жоба авторы.

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Бұдан бұрын Түркістан облысында Амир, Сафия, Хадия есімді үшем дүниеге келгенін жазған едік.

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Бұдан бұрын Астанада Өнер музейі ашылғанын жазған едік