Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда жауапты сала басшыларының есептері тыңдалып, бірқатар лауазымды тұлғалардың тәртіптік ісі қаралды.
– Сауран ауданы әкімдігінің Ескі Иқан ауылдық округінің әкімі жер беру мәселесінде құқыққа сыйымсыз қолдау көрсеткені, Сарыағаш ауданы Жарты төбе ауылдық округінің әкімі, Сарыағаш ауданының Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы жұмыс уақытында дәлелді себептермен жұмыста болмаған қызметшілеріне артықшылық көрсетіп, еңбек жалақысын толық аударып, мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін Әдеп жөніндегі кеңес шешімімен «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды, – делінген Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысы бойынша департаменті таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ Әдеп кодексі талаптарын сақтамағаны үшін Шардара аудандық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылыр көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасарына «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.
Бұдан бұрын Түркістанда басқарма басшысы қатысқан төбелестің видеосы тарағанын жазған едік.