Түркістанда тропикалық ағаштары бар ерекше саябақ салынып жатыр

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында Түркістан қаласындағы демалыс саябағының ботаникалық бағына тропикалық өсімдіктер егілді.

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Елімізде баламасы жоқ бұл саябақта тропикалық гүлдер мен талдар өсіріледі.

Арнайы орнатылған жылу жүйесі арқылы мұндағы ауа температурасы да қысы-жазы бірқалыпты күйде болады.

Яғни, екпелер мен көгалдар жасыл кейпін жыл бойы сақтайды. 

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Сондай-ақ, саябаққа түрлі құстар мен балықтар өсірілмек.

Сахна, мінбер, 2 субұрқақ, ойын алаңы, скейтбординг және шатырлар салынады. 

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында белсенді демалыс саябағының ботаникалық бағына тропикалық өсімдіктер егілді.

Оның ішінде шетелдерден алынған көптеген тропикалық ағаш көшеттері де бар.

Жалпы, мамандардың сөзіне сүйенсек, Түркістандағы ботаникалық бақ келешекте сұранысы жоғары демалыс орнына айналмақ.

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Бүгінде саябақтағы құрылысы жұмыстары 2 кезең бойынша жүзеге асуда.

Өткен жылы басталған нысан құрылысы биыл пайдалануға беріледі. 

Айта кетейік, демалыс саябағының жалпы аумағы 10,5 гектарды алып жатыр.

Ал, көгалдандыру алаңы — 61 891,78 шаршы метр.

Фото: Түркістан облысы әкімдігі