2022 жылы Ұлттық экономика министрлігі елдің барлық өңірінде мемлекеттік әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алушыларға газдың бөлшек саудадағы тарифін 20% төмендетуге келіскен.
Ол үшін облыс әкімдігі мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ арасында өзара меморандум түзілген.
Алайда жергілікті атқарушы орган әлеуметтік осал азаматтардың дербес деректерін жинау қажеттігіне байланысты меморандумға қол қоюдан бас тартқан.
Мұның бәрі көрсетілген санат тұрғындарына тарифті уақтылы қолдануға кедергі келтірген.
Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде әкімдік 11 мың абоненттің газ тарифін текше метріне 35,7 теңгеден 28,54 теңгеге төмендетуге меморандум жасады.