Түркістанда жалпықалалық сенбілік өтті

Фото: Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Түркістан қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында жалпықалалық сенбілік өтті.

Ауқымда шараға қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, қалалық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен шаһар тұрғындары қатысты.

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

— Киелі шаһарымыздың тазалығына ат салысқан әрбір азаматқа алғысым шексіз. Түркілердің рухани астанасына айналған Түркістанымыздың гүлденуі қала тұрғындарының біріге еңбек етуіне тікелей байланысты. Бүгінгі жалпыхалықтық тазалық жұмыстары нәтижесінде өңірге ат басын бұрып, қонақ болушылар саны да арта түспек. Себебі, қаланың көркі зәулім сарайлары ғана емес, тазалығына да тікелей байланысты, — деді шаһар басшысы.

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Тазалық жұмыстарына қатысушылар саябақтар мен алаңдарды, арық-атыздар мен көшелерді қоқыстардан тазартты. Сенбілік белсенділері әрбір қала тұрғыны «Тазалық — денсаулық кепілі» екенін ұғынып, әрбір адам өз ауласын таза ұстау қажеттігін айтты.

— Біз секілді ерікті жастар қаламыздың көркеюіне үлес қосуға қашанда дайын. Замандастарымды игі істен қашпай, өзіміз мекен еткен киелі шаһардың тазалығына ұқыптылықпен қарап, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға барымызды салуымыз керек, — деп пікір білдірді ерікті жастардың көшін бастаған Дәурен Тілеухан.

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Шараға 500-ге тарта түркістандық қатысып, 30-ға жуық техника жұмылдырылды. Қоқыстар арнайы полигондарға жеткізілді. Сенбілік жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылыр тұрмақ.

Бұған дейін хабарланғандай, Түркістанда шошқа жетектеген белсенділер жауапқа тартылды.