Түркістанда жаңадан салынған көп қабатты үйдің электр желілері жанып кетті, деп хабарлайды Kazinform.
Оқиға Отырар шағын ауданында болған. Көп қабатты тұрғын үйдің электр қалқаны мен үшінші қабат аралығында электр сымдары жанып кеткен. Тұрғын үйден 15 ересек адам эвакуацияланып, 20 бала құтқарылды.
«Өртті сөндіруге Түркістан облысы Төтенше жағдай департаментінің 5 техникасы мен 21 қызметкері және Полиция департаментінен 2 техника мен 5 қызметкер жұмылдырылды. Өрттен қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.