Әлеуметтік желіде Ордабасы ауданында көшенің қақ ортасында отшашу атып, жол қозғалысына қауіп төндірген той кортежінің видеосы тарады.
Тәртіп бұзған жүргізушілердің автокөліктері айып тұрағына қойылды.
Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, өзге жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырды.
Бұған дейін Түркістанда жол ережесін бұзған 100-ге жуық электрлі көлік айып тұрағына қойылғанын хабарлаған едік.