Түркістандағы 5 мың орындық мешіттің құрылысы қашан аяқталады

Фото: Сәбит Тастанбек/Kazinform

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Қазіргі таңда Түркістан қаласына кіреберісте салынып жатқан 5 мың орындық мешіттің 80% құрылысы аяқталған.

Көрші Өзбекстан мемлекетінің Түркістанға тартуы ретінде бой көтерген бұл мешіттің іргетасы 2019 жылы қаланған.

Фото: Сәбит Тастанбек/Kazinform

— Бүгінде мешіттің күмбезі мен мұнаралары қойылып, ішкі әрлеу жұмыстары біткен. Тек сыртқы қасбеті мен абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл желтоқсан айының соңына дейін мешітті пайдалануға беру жоспарланып отыр, — деді Түркістан облыстық дін істері басқармасының өкілдері.

Фото: Сәбит Тастанбек/Kazinform

Шығыстық нақыштағы еңселі мешітте 8 мың жамағат (мешіт іші — 5 мың орын, сырты — 3 мың орын) бір мезгілде сәждеге бас тигізіп, құлшылық ете алады. Жерінің аумағы — 7,7 га.

Фото: Сәбит Тастанбек/Kazinform

Жалпы бүгінде елімізде 2964 мешіт бар болса, соның 744-і — Түркістан облысында. Өңірдегі мешіттер саны республиканың 26%-ын құрайды.

Бұдан бұрын Түркістан облысы Шардара ауданында әкесіне қол көтерген азаматтың мешітте азаншы болмағаны туралы жазған едік.