Түркістандағы 570 орындық көпбейінді аурухана қашан пайдалануға беріледі

Фото: Сәбит Тастанбек/Kazinform

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Облыс орталығында салынып жатқан заманауи үлгідегі аурухананың құрылысы 2020 жылы басталған.

Аурухананың құрылысына қатысты Kazinform тілшісінің жолдаған сауалына ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ресми жауап берді.

Фото: Сәбит Тастанбек/Kazinform

– Түркістан қаласында 570 орындық көпбейінді аурухана жобасы түркиялық YDA Group компаниясының жеке бастамасы негізінде іске асырылады. Министрлік пен инвестор арасында келісімшарт жасалмаған. Қазіргі уақытта министрлік Түркістан облысының әкімдігімен бірлесіп, жобаны әрі қарай іске асыру мәселесін пысықтап жатыр, – делінген министрліктің бізге ұсынған жауабында.

Фото: Сәбит Тастанбек/Kazinform

Жоба жетекшісі Акай Булуттың мәлімдеуінше, бүгінде аурухананың құрылысы 87% аяқталған. Жоспар бойынша 2026 жылдың 4-тоқсанында құрылысты аяқтау көзделіп отыр.

Бұдан бұрын Түркістан әуежайын сенімгерлік басқаруға алуға ниетті компаниялар белгілі болғанын жазған едік