20 қыркүйек күні №1 облыстық перинаталдық орталықта 40 жастағы келіншек 11-ші баласын босанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Медицина мамандарының сөзіне сүйенсек, сарыағаштық Айнагүл бұл жолы да отасыз, табиғи жолмен босанған. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы. Дәрігерлердің бақылауында.
Бұған дейін Айнагүлдің отбасында 5 ұл, 5 қыз болды. Енді олардың қатарына Мұстафа есімді ұл қосылды. Балалардың үлкені – 21 жаста.
Жаняұның отағасы – Сарыағаш ауданына қарасты Нұрлы жол ауылында бас имам қызметін атқарады. Ал өзі үйде бала күтімімен отыр.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.