Қаладағы көпқабатты тұрғын үйлерде есептеу құрылғылары орнатылған. Соған қарамастан, тұрғындарға жылу энергиясының құнын шаршы метрмен қымбат есептеу деректері белгілі болды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынуымен жүргізілген жұмыстар нәтижесінде жылу энергиясы үшін құрылғының есебіне сәйкес төлемақылар қайта есептелді.
«Жылуға байланысты өзекті мәселелер әлеуметтік маңызы бар проблемаларды шешу үшін әзірленген өңірлік сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасына енгізілген. «Сыбайлас жемқоролыққа қарсы волонетрлік» жобасы аясында еріктілер қоғамдық бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер және білім беру, pro bono (кәсіби көмек көрсету) және корпоративтік еріктілік бағыттары бойынша ортақ іске үлес қосып келеді» - делінген Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ақпаратында.
Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында коммуналдық қызметтер бағасы заңсыз көтерілгенін жазған болатынбыз.