— Қазір Түркістан бағытында үш халықаралық рейс бар — Кувейтпен, Абу-Дабимен және Ыстамбұлмен. Ендігі кезекте Бакумен және Мәскеумен рейс ашу жөнінде келіссөз жүріп жатыр. Нақты шешім қабылданғаннан кейін ұшатын уақыты мен бағыттарын қосымша хабарлаймыз, — деді ол БАҚ өкілдерінің сұрағына берген жауабында.
Айта кетейік, аталған құжат аясында Қожа Ахмет Иассауи кесенесінен 100 метр радиуста биік ғимарат салуға заңмен тыйым салынбақ.
Сондай-ақ, әкімдік өкілі депутаттарға Түркістан қаласы неге арақсыз қалаға айналмай жатқанын түсіндірді.