Түркістанға сапарлайтын әуе рейстері артады - министрлік
АСТАНА. KAZINFORM – Түркістан қаласының туризмін дамытудың бөлек кешенді жоспарын даярланады. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев мәлім етті
- Түркістанда туризмді дамытуға кедергі болған себептердің бірі – ол халықаралық әрі ішкі әуе рейстердің жетіспеуі. Бірақ соған қарамастан, 2024 жылдың қорытындысы бойынша 2023 жылмен салыстырғанда шетелден келген туристердің саны 2 есе көбейді. Қазір еліміздің әуе паркіне 16 жаңа ұшақ қосылайын деп жатыр. Сондықтан Көлік министрлігімен бірлесе жұмыс істеп, Түркістанға келетін рейстердің санын көбейтуге тырысамыз, - деді Ержан Еркінбаев сенаторлардың сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында үш өңірдегі туризмді дамытудың кешенді жоспарлары қабылданып жатыр.
- Түркістанның ерекше мәртебесін ескере отырып, аталған үш кешенді жоспармен шектелмей, Түркістан қаласының туризмін дамытудың бөлек кешенді жоспарын даярлап, бекітуді әуімдікпен келістік. Осы орайда салааралық мәселелер мен іс-шаралар жоспарға енгізіледі, - деді вице-министр.
Еске салсақ, 2024 жылы Президент Жолдауында Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі өңірлерінің де туристік әлеуетін дұрыс пайдалану қажет екені айтылып, осындай демалыс аймақтарында сапасы жоғары жол инфрақұрылымы бар әуе бекеттері мен әуежайлар салу тапсырылды.