Түрлі кейіпкерлердің киімін киген мысықтардың суреттері жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапондық мәдениет кез келген жанды таң-тамаша күйге қалдырады. Kotaku ресурсы костюм киген мысықтардың фотосын жариялады, деп хабарлайды Onliner.

 
Косплейдің жаңа түрі осы хоббиге берілгендерді таң тамаша етті. (Косплей - маскарадқа ұқсайды, танымал кейіпкерлердің киімдерін кию, соларға барынша ұқсап бағу)

Мысықтар Сайтама және Кавагоэ қалаларында орналасқан Nekoya мысық кафесінде өмір сүреді. Мұнда мысықтар мен дәмхана қызметкерлері ғана әр түрлі костюм кие алады, ал келушілерге қалыпты киіммен жүру міндеттелген.