Тұрмағамбет Ізтілеуовтің жаңа қолжазбасы табылды

Фото: None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Белгілі ақын, аудармашы Тұрмағамбет Ізтілеуовтің жаңа қолжазбасы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім басшысы,түркітанушы, филология ғылымдарының кандидаты, Серікбай Қосан мәлім етті. Рухани құндылықТұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: руханижаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған игілікті істің бірі болып табылады.

«Орталық ғылыми кітапханасында шайырдың бір төлтумақолжазбасын кезіктіріп, түпнұсқаның электронды-сандық көшірмесін алудың сәтітүсті. Т.Ізтілеуұлының бұл қолжазбасының мазмұны жағынан бұрынғы мұраларынанелеулі ерекшелігі бар. Қолжазбаның көлемі 139 парақтан, 278 беттен құралған.Қолжазба «Ізтілеуов Тұрмағамбеттің жинаған материалдары» деп аталады. Шығыста жасалып, Бұхара мәдениетінің стиліндеөңделген. Кардон қағазбен тысталып, түптелген қолжазбаның биіктігі – 35, ені –12 сантиметрді құрайды», - деді Серікбай Қосан.

Серікбай Қосанның айтуынша, Тұрмағамбет Ізтілеуовтің бұлқолжазбасы шамамен 20-жылдардың бедерінде хатқа түсе бастаған сияқты. Оның бірдәлелі, қолжазбаның 195-бетінде «Президум КазЦик КССР. 1927 г.» деген тақырыппен үкімет мүшелерінің тізіміберілген.

«Ондағы 15 азаматтың арасында ҚазАтком төрағасыЕ.Ерназаров, ҚазХалком Кеңесінің төрағасы Н.Нұрмақов, Ауыл Шаруабанк бастығыҰ.Құлымбетов секілді сол тұстағы белгілі тарихи тұлғалардың есімдері аталған»,- деді Серікбай Қосан.

Серікбай Қосан ақын-аудармашы Тұрмағамбет Ізтілеуовтіңотызыншы жылдарда билік тарапынан қудаланып, оның жазған кейбір дүниелері қолдыболғанын айтады. Сондықтан бұл қолжазбаны тиісті орындарға кімнің өткізгенінақты емес екенін айтады.

«Тұрмағамбет өзінің кейбір қолжазбаларын Т.Жүргенов сындыжақын інілеріне, Қалмақан, Өтебай секілді хатшыларына сеніп қалдыруы бекмүмкін. Ал солардың қайсыбірі аталған азаматтардың қолымен кітапханақоймаларына өткен шығар. 30-жылдары Алматыда «Ағарту, мәдениет қоғамдары» ашылып, онда көптеген қаламгерқызмет атқарды. Ел-жерден тілшілер тартылып, халық ауыз әдебиеті үлгілерініңбай қоры жинақталды. Сөз болып отырған қолжазбаны аталған мекеме өкілдерінеТұрмағамбеттің өзі өткізуі мүмкін-ау деген де ой келеді», - деді Серікбай Қосан.

Бұдан бұрын қызылордалық өрендер атқа міну мәдениетіментанысқанын хабарлағанедік.

Соңғы жаңалықтар