Басылым ақталып шыққан азаматтың «Бұл мен ұзақ жылдар бойы армандап келген сәт»,-деген сөзін келтіреді.
Басылым таратқан мәліметтерге қарағанда, Денвер қаласының (Колорадо штаты) судьясы Кларенса Мозестің мойнына 1987 жылдан бері тағылып келген айыпқа «кінәсіз» деген шешімін жария етті. Бұл айып оған ресми түрде 1988 жылы тағылды.
Қылмыстық әрекеттің құрбанына айналған әйел 3 күдікті туралы айтқан. Алайда, ол Мозесті түсінде көргеннен кейін кінәлай бастаған, деп жазды бүгін ria.ru.