«Ресей федералдық жаза өтеу қызметі басқармасының Орлов облысындағы №2 түзеу колониясының тоғыз тұтқыны тәртіп шаралары қолданылатын ғимаратта тамақ ішуден бас тартатынын мәлімдеген. Олар тұтқында ұстау режімін жеңілдету мәселесінде өз талаптарын айтып отыр», - делінген хабарламада.
Тергеушілер тұтқындардың айтқандары мен түрме қызметкерлері қолданған шаралардың заңдылығын тексеріп жатыр, деп хабарлайды interfax.ru.