АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилия түрмелерінің бірінде бүлік шығарған тұтқындар жүзден астам адамды кепілге алды, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
Билік өкілдерінің ақпараттарына қарағанда, кепілге алынған адамдардың барлығы дерлік елдің солтүстік-шығысындағы Сержипи қаласы түрмесінде тұтқында отырғандарға келген туған-туыстары көрінеді. Бұдан бөлек, кепілге алынғандардың қатарында бірқатар түрме күзетшілері де бар. Билік өкілдері сотталушылармен келіссөздер жүргізуде.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.