Түрмеде отырғандар мен шыққандарын жұмысқа орналастыру арқылы ішкі жалпы өнімді 0,5 пайызға арттыруға болады

АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - «Халықаралық түрме реформасы» ұйымы өткізген зерттеуге сәйкес, Түрмеде отырғандар мен шыққандарын жұмысқа орналастыру арқылы ішкі жалпы өнімді 0,5 пайызға арттыруға болады.

Ұйымның аймақтық басшысы Сәуле Мектепбаева атап көрсеткендей, бүгінде түрмеде отырған және одан шыққан азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша арнайы бағдарламаның тиімділігі зор. Біріншіден, елдің ішкі жалпы өнімі өссе, екіншіден, бюджет шығыны азаяды. «Біздің есептеуімізге сәйкес, 2014-2020 жылдардың ішінде бюджет үнемділігін 2 млрд. теңгеге дейін жеткізуге болады», - дейді С.Мектепбаева.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстан түрмелерінде отырған азаматтардың 80 пайызының еңбекке қабілеті бар, ал жас шамалары 40-тан аспайды.