«Ұлттық отырыстың мағынасы ауқымды профилактикалық маңызға ие. Жиналыстың маңызын, көтерген мәселесін міндетті түрде халыққа жеткізу керек. Бұл жиналыстағы көтерілген мәселенің қылмыстық-атқару жүйесіндегі қызметкерлер мен жазасын өтеушілер үшін профилактикалық маңызы зор есептеймін. Олардың бірі пара алудан шектелсе, екіншілерге азаматтық қоғам мен мемлекет бұл мәселені ерекше назарға алғанын көрсетеді», - дейді Марат Қоғамов.
Профессордың айтуынша, көптеген құжаттарды ақтарған адамға бұл тақырыптың өзекті екені бірден ұғынықты болады.
«Егер бұл шаруаға негізді түрде кіріспесе, жазасын өтеу орындарында жемқорлық құрықталмаса, қоғамда ешқашан жаза әділ болмайды деген біржақты пікір қалыптасып қалуы мүмкін. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары (Алик Шпекбаев - авт.) тіркелген бірнеше фактілерді атап өтті (түрмедегі сыбайлас жемқорлыққа қатысты - авт). Иә, бұл тұрғыда маңызды мәселе бар. Оны шешу керек», - дейді ол.
Марат Қоғамовтың сөзіне сәйкес, барлық жазасын өтеушілер қандай баппен түрмеде отырғанына қарамастан, халықтың әлеуметтік жағынан аз қорғалған (немесе әлжуаз) тобына жатады.
«Кез келген адам жазасын өтеу орнында отырып, барынша өзінің жағдайын жақсарту жағын ойластырады. Бұл өз тарапынан сыбайлас жемқорлықты туындататын өте күшті фактор деуге болады. Кез келген адам жазасын өтеу орнында немесе одан тыс заңмен құқығы шектелген жағдайда өзінің жағдайын жақсарту жағына барын салады. Әлбетте, белгілі бір жағдайларда қылмыстық-атқару жүйесінің персоналы жемқорлыққа барып жатады. Сондықтан, бүгінгі жиналыстың маңызы өте зор деп есептеймін. Бұл күрделі салада мемлекеттік орган қызметкерлері жұмысының белгілі бір моделін ойластырамыз деген ойдамын», - деп түйді профессор.