Түрмедегі медициналық қызметтер денсаулық сақтау жүйесіне берілмек - С.Мусинов

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесіндегі медициналық қызметтерді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қарамағына беруді жоспарлауда. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Серікбол Мусинов мәлім етті.

«Бізде бір проблема қалып отыр. Бұл - колонияларда жазасын өтеп жатқан науқастарды медициналық көмекпен қамтамасыз ету мәселесі. Бұл жұмыстарды ІІМ-мен бірлесіп жүргізудеміз. Біз 2015 жылы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарамағындағы медициналық қызметті өзіміздің ведомствоға алуды жоспарлаудамыз»,- деді ол. С.Мусиновтың сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда елімізде туберкулезге шалдыққан науқастар 100 пайыз өкпе ауруына қарсы препараттармен қамтамасыз етілген.