Түрмедегі өрт: 23 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эфиопияда Аддис-Абебе қаласындағы түрмеде болған өрт салдарынан 23 адам ажал құшты, деп хабарлайды Росбалт Al Jazeera телеарнасына сілтеме жасап.

Келеңсіз оқиға оппозициядағы саясаткерлер мен журналистер отырған Килинто  түрмесінде орын алғандығы атап өтіледі.

Әзірге оқыс оқиғаның неден өрбігені жайында айтылмай отыр. Телеарнаның мәліметтеріне қарағанда, мерт болғандардың басым бөлігі өртенген заттардың түтініне уланған.

Түрмеге қамалғандардың көпшілігі жақында Эфиопия астанасында орын алған үкіметке қарсы жаппай шеру кезінде ұсталғандар.