Түрмедегі төбелес: 60-қа жуық адам жарақаттанды
11:44, 15 Тамыз 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сәрсенбі күні Соледад қаласындағы (Калифорния штаты) түрмелердің бірінде болған жаппай төбелестің салдарынан бірнеше ондаған сотталушы зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ABC-ге сілтеме жасап.
Агенттіктіңмәліметінше, 200-ге жуық сотталушы түрменің алдындағы аулада төбелес шығарған.Күзет қызметі жанжалды тоқтату үшін аспанға оқ атуға мәжбүр болған. Сегізсотталушы мекемеден тыс ауруханаларға жатқызылса, 50-ге жуық адамға түрменіңішінде медициналық көмек көрсетілді.
Күзетшілерденешкім зардап шеккен жоқ.