10:35, 18 Наурыз 2009
Түрмедегі туысына есірткі жеткізбек болған азамат әшкереленді
СЕМЕЙ. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Түзету мекемесінде жазасын өтеп отырған туысына «күтпеген сыйлық» жасамаққа ұмтылған азаматтың талпынысы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің «лайықты бағасына» ие болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Стоп трафик» операциясы барысында полиция қызметкерлері Шығыс Қазақстанның Жарма ауданындағы Солнечное кентінде орналасқан ОВ 156/18 түзету мекемесіндегі әріптестерімен бірлесіп, тексеру бөлмесінде туысына сәлемдеме алып келген 27 жастағы ер азаматтан есірткі тапты. 25 граммдай гашиш азық-түлік салынған сөмкенің ішінде шампунь ыдысының ішіне салынған болып шықты. Ұсталған азамат Шығыс Қазақстан облысының Жалғызтөбе ауылының тұрғыны екен. Одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Тексеру жүргізіліп жатыр.