Оқиға Манила астанасының оңтүстігіне қарай орналасқан Паранак қаласындағы пенитенциарлық мекемеде орын алды. Граната жазасын өтеушілерді басқа түрмеге ауыстыруға қатысты келіссөз өтіп жатқан кезде жарылды, - деп жазды Straits Times газеті.
Алдын ала деректерге сүйенсек, жазасын өтеушілер қашуды ұйымдастыру үшін келіссөз болып жатқан уақытты пайдалануы ықтимал. Оқиға орнында бастапқыда атыс болып, артынша граната жарылған. Салдарынан сегіз адам қаза тауып, бір адам алған жарақатынан ауруханада көз жұмды.
Мерт болғандар - есірткінің заңсыз айналымы туралы баппен жазасын өтеп жатқандар. Ассошиэйтед Пресс агенттігінің ақпаратына сәйкес қаза тапқандардың екеуі - криминалдық ортада атышулы қытайлық есірткі тасымалдаушылар.