Полицейлер ұрланған көліктің салонынан саусақ іздерін анықтады. Дактилоскопиялық сараптама олардың бірі Якутиядағы колониядан 11 жыл бұрын қашып кеткен сотталушыныкі екенін көрсетті. Қашқын адам өлтіргені, қарақшылық және жалған құжаттарды жасағаны үшін 13 жылға сотталған.
Көлік иесіне қашқынның фотосуретін көрсеткенде, ол одан таяуда көлігін жөндеткен көлік жөндеу орнының қызметкерін таныды.
Қылмыстық іздеу қызметкерлері қаскүнемді ұстады. Оның колониядан қашып, пойыздағы серігінің төлқұжатын ұрлап әкеткені белгілі болды. Осы құжатпен Владивостокта 11 жыл тұрған.