Түрмеден шыққан семейлік бес күннен кейін қайта ұрлық жасады

Фото: None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Түрмеден босап шыққан Семей тұрғыны бес күннен кейін қайта ұрлық жасап, қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШығысҚазақстан облысының Полиция департаментінен мәлім еткендей, «Пәтер» жедел-профилактикалық рейді кезінде үй ұрлығының бірнеше қылмысы ашылды.

«Семей қаласының Затон ауданы бойынша полициябөлімінің қызметкерлері 31 жастағы ұрыны қолға түсірді. Тергеу барысында қарақшы бұрын бірнеше рет сотталып, осыжылдың 1 тамызында ғана абақтыдан босатылғаны анықталды», - делінгендепартаменттің дерегінде.

Оның бұл бассыздығынан 44 жастағы тұрғын зардапшеккен.

«7 тамызда «102» жедел нөміріне Семей қаласының 44 жастағы тұрғынынан шағым түсті. Отбасымен Алакөлдегі демалысынан оралған үй иесі жатынбөлмедегі шкафтан 900 мың теңгекөлемінде ақша ұрланғанын байқап, полицияға жүгінген. Қазір күдіктінің үстіненҚылмыстық кодекстің 188-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Ол Семей қаласының полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысында отыр. Затон ауданы бойыншаполиция бөлімінің жедел-тергеу қызметі күдіктінің осыған ұқсас бес ұрлыққақатысы барын дәлелдеді. Қылмысты мойындау туралы жауаптаралынды», - делінген ресми ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар