ИТАР-ТАСС мәліметтеріне қарағанда, оқиға Жаңа жыл мерекесі күндері орын алды.
Атап айтқанда, түзету мекемесінің аумағына тыйым салынған заттарды жеткізу үшін жануарды пайдалану әрекеті іске аспады. Мысыққа артылған «жүкті» түрменің бас қақпасының алдындағы қарауылшылар байқап қалған көрінеді. «Құрықталған» мысықтың арқасына бұрғылар мен егеулер, зарядтағыш құрылғысымен жабдықталған ұялы телефон және басқа да заттар скочпен байланған. Белгілі болғандай, бұл заттар Арапирак қаласының абақтысынан қашуға бел буғандардың дайындығына арналған. Ұсталған мысықтағы заттардың барлығы тәркіленді, ал жануар жергілікті ветеринарлық орталыққа жеткізілді. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл тұрғыда түрменің барлық 263 сотталушысы күдікті ретінде қарастырылуда.