Түрмелерге есірткі жеткізбек болғандары үшін жылдың басынан бері 115 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды

АСТАНА. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Ағымдағы жылдың басынан бері түзету мекемелеріне есірткі жеткізбек болғандары үшін 115 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды,

 деп  хабарлады   Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару  жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

Өткен  жылдың  сәйкес  кезеңімен  салыстырғанда, бұл  көрсеткіш  екі есеге өсіп отыр.   Атап айтқанда,  өткен  жылдың    9 айында    ҚР Қылмыстық кодексінің 259-шы бабы  бойынша (есірткі заттарын  тарату,  тасымалдау,  өткізу)    сотталғандарға  және    тергеуде  отырғандарға  есірткі  жеткізбек  болған  65  азаматтық тұлға    жауапкершілікке тартылған.