«РосБизнесКонсалтинг» порталының хабарлауынша, құлтемірлер түзеу мекемелері аумағын күзету үшін жасалған. Олар сотталғандардың қашу және өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттерін дер кезінде байқап, күзет қызметіне хабар бере алады. Robo-Guard роботтары 3D-камерамен, арнайы бағдарламалармен жабдықталған. Робот компьютермен және iPad-пен басқарылады.
Бұдан былай түрме бақылаушыларына бейнебақылау қондырғыларын тексермей-ақ қоюға болады.