«Бүгінде көмір далада жатқан жоқ. Ол соны сататын субъектілердің отын қоймаларында. Тағы да айтамын, дәл осы тұрмыстық көмірге сараптама жасаумен айналысу Энергетика министрлігінің құзіретіне кірмейді. Дегенмен, орын алып жатқан бұл мәселелерге байланысты сараптама жасадық. Кәсіпорындары бар бірнеше темір жол тұйықтары бар. Мәселен, Астанада Солтүстікті энергиялық көмірмен жадбықтау деп аталатын кәсіпорынның бірнеше тұйығы бар. Қарағандыда Қазферит, Қазтранскөмір, Алматыда да бірнеше жеке кәсіпкерлік бар. Оларға біздің қызметкерлер барып, көмірдің бар екенін айтып отыр. Көмірге қатысты барған кезде көмір болмай қалу деген проблема жоқ», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере келе.
Осы ретте ол кезектің күрт артып кетуіне көмірге деген сұраныстың күрт көбеюімен байланыстырды.
«Егер шындығын айтсақ, мұндай сұранысқа байланысты кезек барлық жерде бар. Біз барлық ірі нүктелерді тексердік. Бұған қоса, арнайы орындарда да көмір сатылып жатыр. Техникасы бар шағын және орта бизнес көмірді тиеп алып, арнайы орындарда сатуда. Біз аралап шығып, суретке түсірдік, көмір тиелген машина көп тұр», - деді Сұңғат Есімханов.